1 Тамыз 2026, 22:30
Фото: pexels.com
Канада жағалауында магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі тіркелді
Неміс геоғылымдар зерттеу орталығының (GFZ) мәліметінше, жер сілкінісі сенбі күні Гринвич уақыты бойынша 04:49-да тіркелген.
Канаданың Ванкувер аралы жағалауында магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды.
Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды.
Неміс геоғылымдар зерттеу орталығының (GFZ) мәліметінше, жер сілкінісі сенбі күні Гринвич уақыты бойынша 04:49-да тіркелген.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі 49,62° солтүстік ендік пен 129,28° батыс бойлық координаттарында орналасқан. Жерасты дүмпулерінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жарияланған жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Жапониядағы жойқын жер сілкінісінен 35-ке жуық адам қаза тапқаны туралы хабарланған болатын.