Канада Ресейге жаңа санкциялар енгізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Канада билігі Ресей Федерациясының мұнай-газ, химия және өнеркәсіптік секторларына қатысты тағы санкциялар енгізді.

Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Канада Ресейдің мұнай-газ, химия және өңдеу өнеркәсібіне өндірістік қызмет көрсетуге тыйым салатын арнайы экономикалық шаралар туралы ережелерге қосымша түзетулер енгізді.

Тізімге осы секторлардың сегіз жаңа саласы қосылды.

Құжатта Канада азаматтары мен компаниялары, атап айтқанда, Ресей тарапына металл өнімдерін, автомобильдерді, тіркемелер мен жартылай тіркемелерді, компьютерлік, электронды және оптикалық өнімдерді, электр жабдықтарын, жер үсті көлігі мен құбырларды өндіруге байланысты қызметтер көрсетуге тыйым салынатындығы түсіндірілген.

Бұл санкцияларды өткен демалыс күндері Канаданың Сыртқы істер министрі Мелани Жоли жариялады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы