Канада Қытай көліктеріне 100% баж салығын енгізеді

Канада билігі Қытайдан келген электромобильдерге 100% баж салығын салады, деп хабарлайды BAQ.KZ 24KZ-ке сілтеме жасап. 

Талап қазаннан бастап күшіне енеді. Биыл көктемде америкалықтар да осылай істеген. Олар алымды 25%-тен 100%-ке дейін көтерген-тін. Жақында Еуроодақ та Қытайдан импортталатын электр көліктеріне қосымша баж салығын салды. 

Өйткені Бейжің өз компанияларына көп субсидия бөліп, темір тұлпарларының бағасын жасанды түрде түсіреді, – дейді. 

Ал бұл жергілікті өндірушілерді шығынға батыруы мүмкін. 

Сонымен қатар Канада билігі қазанда электромобльдерден бөлек, Қытайдан келетін болат пен алюминийге салынатын баж салығын 25%-ке көтереді. Жергілікті жұмыс берушілерді әділетсіз бәсекеден қорғаудың бірден-бір амалы осы болмақ. 

Канаданың көлік өнеркәсібін жетілдіріп жатырмыз. Соның арқасында біз темір тұлпарлар өндірісіндегі жетекші мемлекеттердің қатарына кіруге ниеттіміз. Бірақ Қытай секілді ойыншылар әлемдік нарықта әділетсіз бәсекеге жол беріп отыр. Сөйтіп жергілікті өнеркәсіптің маңызды салаларына қауіп төндіріп тұр, - деп хабарлайды Канада премьер-министрі Джастин Трюдо.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы