Канада мен АҚШ сауда келіссөздерін қайта бастайды
Канада премьер-министрі Марк Карни сауда келісімін сақтау қажеттілігін атап өтті.
Канада мен АҚШ бірнеше айлық үзілістен кейін сауда келіссөздерін қайта бастады. Жұма күні Канададан келген сауда министрі Доминик Лебланк АҚШ Сауда өкілі Джеймисон Грирмен кездесті. Кездесу USMCA – АҚШ, Канада және Мексика арасындағы еркін сауда келісімін талқылауға арналды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
Естеріңізге салсақ, өткен жылдың соңында АҚШ тарапынан Канадаға қарсы тарифтік шаралар енгізілген соң келіссөздер тоқтатылған еді. Сол кезде президент Дональд Трамп келісімді қайта қарауды немесе Канада мен Мексикамен жеке келісімдер жасауды қарастырған.
Канада премьер-министрі Марк Карни сауда келісімін сақтау қажеттілігін атап өтті. Оның айтуынша, USMCA келісімі канадалық сауданы АҚШ тарапынан енгізілген кейбір тарифтерден қорғаған. Дегенмен, канадалық болат, алюминий және автомобильдерге қатысты кейбір салалық баждар әлі күшінде.
Соңғы аптада Канада мен АҚШ шенеуніктері кейбір тарифтердің сақталуы мүмкін екенін және екіжақты шолу келіссөздерінің наурыз айының соңында басталатынын хабарлады.
Сонымен қатар, Карни Үнді-Тынық мұхиты елдеріне сапары барысында Үндістан, Австралия және Жапониямен стратегиялық және сауда келісімдерін талқылап, канадалық автоөнеркәсіптің АҚШ нарығына қолжетімділігін қамтамасыз етуге күш салды.