Канада Қазақстан үшін виртуалды ауылшаруашылық көрмесін өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Канада Үкіметі Қазақстан үшін арнайы виртуалды ауыл шаруашылығы көрмесін ұйымдастырмақ, деп хабарлады 24.kz.

Отандық аграрилер 23 маусымда Канаданың агроөнеркәсіп саласындағы озық технологияларымен таныса алады. Сондай-ақ делдалсыз іскерлік байланыс орнатуға мүмкіндік алады. Бүгінде елде канадалық компаниялардың қатысуымен мал және өсімдік шаруашылығы саласында бірқатар жоба іске асырылды. 

Сонымен қатар Қазақстанның Канададағы Елшілігі осы іс-шара аясында жеке павильон ұйымдастырады. Онда білікті сарапшылар көрме қонақтарына арнайы кеңес береді. 

Канада АӨК дамуы бай тәжірибеге ие екені белгілі. Екі ел арасында климаттық ұқсастық қана емес, одан басқа Канада ауылшаруашылық саласындағы жаһандық көшбасшылардың бірі болғандықтан біздің еліміз үшін үлкен қызығушылық тудырады. Еліміздің бәсекеге қабілетін арттыру үшін жаңа технологияларды енгізу жөніндегі стратегиялық міндеттеріне сәйкес келеді, – деді ҚР Канададағы Төтенше және өкілетті елшісі Ақылбек Камалдинов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы