Канада ешқашан Американың бір бөлігі болмайды! – Канадада жаңа премьер-министр сайланды
Канада жаңа премьер-министрді сайлады. Ол өз елі ешқашан Құрама Штаттардың бір бөлігі болмайтынына уәде берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Канаданың басқарушы партиясының жаңа көшбасшысы 59 жастағы орталық банктің бұрынғы басшысы Марк Карни болып сайланды, ол Джастин Трюдо отставкаға кеткеннен кейін елдің жаңа премьер-министрі болады. Бұл туралы партияның X әлеуметтік желідегі парақшасында айтылды, - деп жазылған әлеуметтік желі мәліметтерінде.
Жаңа либералдық көшбасшымыз Марк Карниді таныстырамыз! - делінген партия мәлімдемесінде.
Карни партиялық сайлауда жеңіске жеткеннен кейінгі алғашқы мәлімдемесінде АҚШ президенті Дональд Трамптың қоқан-лоққысына қарамастан Канада ешқашан Құрама Штаттардың бір бөлігі болмайтынына уәде берді.
Америка Канада емес және Канада ешқашан, қандай да бір түрде, пішінде немесе формада Американың бір бөлігі болмайды. Біз бұл дауды бастамадық... Саудада, хоккейдегі сияқты, Канада жеңеді, - деді Карни өзінің үндеуінде Оттава мен Вашингтон арасындағы тарифтерге байланысты шиеленіс кезінде.
Марк Карни 2008 жылғы қаржы дағдарысы кезінде Канаданың экономикасын күйреуден құтқара алған дарынды экономист болып саналады. Оның осы лауазымдағы қызметтері кейінірек оған Ұлыбританиядан тыс жерде дүниеге келген Англия Банкінің бірінші Төрағасы болуға мүмкіндік берді. Ол бұл қызметте 2020 жылға дейін қызмет етті, содан кейін БҰҰ-ның климаттың өзгеруі және қаржы жөніндегі арнайы өкілі болып тағайындалды.