Канада астанасында Қазақстан туы көтерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Канада астанасы Оттава қаласында Қазақстан туын салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті.  Бұл туралы «Хабар 24» жазды.

 2016 жылдан бері дәстүрге айналған шара қазақ елінің Тәуелсіздік мерекесінде ұйымдастырылады. 

Соңғы отыз жылда Қазақстан өзінің шекарасын шегендеп, бағанасын бекітті. Осылайша, тәуелсіздігін орнатып, халықаралық деңгейде де жаңа бастамалармен көзге түсті. Қазіргі кезде Қазақстан мен Канада елдерінің арасындағы жемісті динамика ерекше байқалып отыр. Бұл ең алдымен қос елдің діттегені бір жерден шығып, ойымыздың ұштасып жатқандығын білдірсе керек,- дейді Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және өкілетті елшісі Ақылбек Камалдинов.

Оттава қаласы мэрінің орынбасары Лаура Дудас Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесін атап өту үлкен мәртебе екенін айтады. 

Бүгінгі мерекемен Қазақстан тұрғындарын ғана емес, сондай ақ шет елде жүрген қазақтарды да құттықтағым келеді. Барлықтарыңызға бірлік, бақыт және жарқын болашақ тілеймін,-дейді Лаура Дудас.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы