Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой бокстағы екінші кездесуін мерзімінен бұрын аяқтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әуесқой бокстан ұлттық құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. 

Тәуелсіздік мерекесіне байланысты MTK Kazakhstan Алматыда кәсіпқой бокс кешін өткізген. Оның жекпе-жегі осы кештің басты кездесуі болды. Қамшыбек бірінші аса ауыр салмақта украиналық тәжірибелі боксшы Сергей Радченкомен жұдырықтасты. Қарсыласы бұған дейін кәсіпқой бокста 14 кездесу өткізген. Кездесу 10 раундқа жоспарланған еді. Алайда қазақстандық төртінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Бесінші раундта украиналық жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. 

Қоңқабаев бұған дейін 23 тамызда да Иса Акбербаевты (20-2, 15 КО) мерзімінен бұрын жеңген еді. 29 жастағы боксшы Токио Олимпиадасына жолдама алған. Ұлттық құраманың капитаны. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы