Қарағандыда қылмыскер камераласын өлтірген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды тергеу изоляторындағы камерадан ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметі мәлімдеді.
Комитеттің хабарлауынша, 2 желтоқсанда Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тергеу изоляторының қызметкерлері мекеме камерасынан қамауға алынғандардың бірінің мәйітін тапқан.
Жедел-тергеу іс-шаралары барысында камерадағы адамдардың арасында жанжал туып, ол төбелеске ұласқаны мәлім болды. Олардың бірі екіншін жаралап, салдарынан ер адам қайтыс болған, - деп хабарлады ҚАЖК баспасөз қызметіндегілер.
Күдікті кінәсін мойындады, қазіргі таңда соталды тергеу жүріп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
GGG-дің келесі жекпе-жегі Римде өтуі мүмкін
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы