Камералар апаттың алдын алу үшін бе, әлде жазалау үшін керек пе?

Елді мекендерден бастап республикалық маңызы бар жолдардағы жылдамдық режимін бақылайтын 25 мың камера бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Одан бөлек патрульдік автокөліктердің борттық жүйелері бар, дрондарды да көрдік. Бірақ камера көбейгенімен жол көлік апаттарының, одан болатын адам шығынының саны азайып жатқан жоқ. Жыл сайын 2 мыңнан астам адам жол апатынан қаза болады. Негізі камералар апаттың алдын алу үшін керек пе, әлде біреудің ереже бұзғанын көріп, соны жазалау үшін ғана керек пе?

Рөлі оң жақтағы көліктерге шектеу қойыла ма?

Бұл сауалдарға ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі Ақтоты Боранова жауап береді.

Желмаяның толық нұсқасын бүгін сағат 16:30-да көре аласыздар. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы