Кәмелетке толмай көлік тізгіндеген жасөспірім ұсталды – Өскемен

Облыс орталығында кәмелетке толмай әкесінің көлігін тізгіндеген жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жас жүргізуші қаладағы аулалардың бірінде «Сергек» камерасына түсіп қалған.

Жас жігіт кілтті жасырып алып, әкесінің көлігін рұқсатсыз тізгіндеп, қалада серуендеген. Абырой болғанда, ешқандай жол-көлік оқиғаларына ұшыраған жоқ. Жасөспірімнің әкесіне 70 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, – дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы