Кәмелетке толмаған жасөспірімді алдап кеткен күдікті ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сарыарқа аудандық Полиция басқармасының кезекші бөліміне елорда тұрғыны жүгінген. Оның айтуы бойынша, ерлер таңертеңгі уақытта мектепке барар жолда Белякова көшесіндегі үйдің жанында белгісіз біреу ұлынының ұялы телефонын алдап алып кеткен.
Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, істі тергеп тексеру барысында ер адамның 16 жастағы жасөспірімнің сенімін пайдаланып оның құны 180 мың теңге тұратын «VIVO-21-E» маркалы ұялы телефонын алдап иемденгені анықталды.
Тәртіп сақшылары бағыт-бағдар бойынша барлық ауданда толық іздеу жұмыстарын жүргізді. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 31 жастағы күдікті ұсталды. Ұсталған адамның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, заттай дәлелдемелер алынды. Ұсталған адамның елорда аумағындағы осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінің 30 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысады
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы