Кәмелетке толмаған балалар қарағандылықтың көлігін ұрлап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәмелетке толмаған балалар қарағандылықтың көлігін ұрлап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
25 тамызда Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне Степной-3 шағын ауданында автокөлікті ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жәбірленуші 20 жастағы қала тұрғынының көлігін белгісіз біреулер супермаркеттің жанынан ұрлап кеткені белгілі болды. Келтірілген шығын көлемі бір миллион теңгені құрайды.
Полиция оқиға орнында орнатылған бейнекамераның жазбаларын қарау арқылы екі адамның көлікке мініп, жүргізіп кеткенін анықтады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар 16 және 17 жастағы кәмелетке толмағандар болып шықты. Көлік тәркіленіп, иесіне қайтарылды. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.