Камчаткадағы ұшақ апаты: 19 жолаушының денесі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Камчатка жағалауында құлаған АН-26 ұшағында қаза тапқан 19 жолаушының денесі табылды, деп жазды tass.ru.

Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі апат болған жерде 19 адамның денесі анықталғанын растайды. 

Олардың көбінің тұлғасын анықтау үшін генетикалық сараптама қажет. Әзірге тек бір адамның тұлғасы анықталған. Бортта барлығы 28 жолаушы болған. Оның алтауы экипаж мүшелері, ал екеуі - бала. Тірі қалғандары жоқ. Он адамның денесі Камчатка жағалауында жүргізілген іздеу операциясы барысында табылды. Іздеу жұмыстары жалғасуда, - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Палан елді мекенінен Петропавл-Камчатка бағытында ұшқан Ан-26 ұшағы жартастарға соғылып, апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 28 адам болған. Оның алтауы экипаж мүшелері. Құтқарушылар ұшақ қалдығын Камчатка жағалауынан тапқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы