Камчаткада жойқын жер сілкінісі тіркеліп, цунами қаупі төнді
Камчатка жағалауында 7,2 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.
Бұл туралы агенттік 1Ресей ғылым академиясының Бірыңғай геофизикалық қызметі» федералды ғылыми-зерттеу орталығының филиалының ақпаратына сілтеме жасап хабарлады.
Уақыт (UTC): 2025-09-18 18:58:17 (Астана уақыты бойынша 23:58). Магнитудасы: 7.2. Координаттары: 53,38, 159,92°. Тереңдігі: 123 км, - делінген хабарламада.
Онда Камчатка губернаторы Владимир Солодовтың түбектің шығыс жағалауында цунами қаупі бар екені және жұртшылыққа ескерту жасалып жатқаны түсіндіріледі. Барлық қызметтер жоғары дайындық режиміне қойылды.
АҚШ-тың Ұлттық мұхит және атмосфералық басқармасы (NOAA) да цунами қаупі туралы ескерту жасады.
Алдын ала жер сілкінісінің параметрлері бойынша... қауіпті цунами толқындары жер сілкінісінің эпицентрінен 1000 шақырымға жақын жағалау сызығында болуы мүмкін, - делінген цунами туралы хабарлау орталығының бюллетенінде.
АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Петропавл-Камчатскийден шығысқа қарай 145 шақырым жерде орналасқан.
Айта кетейік, 30 шілдеде Камчаткада магнитудасы 8,8 балдық жер сілкінісі болды. АҚШ геологиялық қызметінің мәліметі бойынша, бұл Чилидегі (2010) және Эквадор-Колумбия аймағындағы (1906) оқиғалармен бірге аспаптық жазбалар басталғаннан бергі ең күшті алтыншы жер сілкінісі.
Камчатканың бір бөлігі жер сілкінісінен кейін 2 метрге ығысқан.
Жер сілкінісінен кейін Камчаткада цунами болып, Ключевская Сопка жанартауы атқылаған. Соңғы рет шамамен 500 жыл бұрын атқылаған Крашенинников жанартауы Камчаткада да қайта жанданды.
Сол кезде Сахалин облысында төрт цунами толқыны болды. Цунами туралы ескерту Жапония, Гавайи, Чили, Эквадор, Перу, Мексика және Қытайда да жарияланды.