Камчаткада тікұшақ құлаған жерден 17 жолаушының мәйіті табылды

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Камчаткада Ми-8 тікұшағы құлаған жерден 17 адамның денесін тапты. 

Бұл туралы ТАСС агенттігіне Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Қазіргі уақытта 17 мәйіт табылды. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлады министрлік.

Бұған дейін хабарланғандай, кеше Камчаткада «Витязь-Аэро» әуе компаниясының Ми-8 тікұшағы жоғалып кетті. Әуе көлігі федералды агенттігінің мәліметі бойынша, бортта барлығы 22 адам: 3 экипаж мүшесі және 19 жолаушы болған.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы