13 Қыркүйек 2025 2025, 09:51
Фото: BAQ.KZ
Камчаткада тағы да жер сілкінді: цунами қаупі бар
Камчатка түбегіндегі елді мекендерде жерасты дүмпулері сезілді, деп хабарлайды BAQ.KZ РҒА Біріккен геофизикалық қызметінің Камчатка филиалына сілтеме жасап
Камчатка түбегіндегі елді мекендерде жерасты дүмпулері сезілді, деп хабарлайды BAQ.KZ РҒА Біріккен геофизикалық қызметінің Камчатка филиалына сілтеме жасап.
Жер сілкінісінің ошағы Петропавловск-Камчатскийден 123 шақырым қашықтықта, 46,8 шақырым тереңдікте тіркелген. Магнитудасы – 6,3.
Камчаткадағы цунами туралы бақылау және ескерту орталығының есептеуінше, Тынық мұхиты акваториясында болған жер сілкінісінен кейін цунами толқындарының келуі ықтимал:
- Алеут муниципалды округіне – 26 см-ден аспайды;
- Усть-Камчатск муниципалды округіне – 37 см-ден аспайды;
- Петропавловск-Камчатск қалалық округіне – 9 см-ден аспайды.
Сонымен қатар Маячный мүйісі мен Халактыр жағажайына дейін 120 см-ге жететін толқын қаупі бар.
РФ Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға мынадай нұсқаулық берді:
- Жағалауға жетуі мүмкін толқындардың биіктігі аса үлкен емес, бірақ бәрібір жағалаудан алыстау қажет.
- Цунамиді көру үшін әдейі теңіз жағасына бармаңыз, бұл қауіпті!
- Теңіздегі кемелерге: егер ашық рейдте, кең кіреберісті қойнауда немесе айлақ маңында тұрса, 50 метрлік изобатаға дейін мұхитқа шығу керек. Бағытты жағалау сызығына перпендикуляр ұстау қажет.