Камчаткада тағы да 6,5 магнитудалы жер сілкінісі болды

Кеше Камчаткада – Ресей территориясында орналасқан Евразияның солтүстік-шығыс бөлігіндегі түбекте – 6,5 магнитудалы күшті жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жер сілкінісінің эпицентрі Петропавловск қаласынан 97 км қашықтықта, 48 км тереңдікте орналасқан деп хабарлады Ресей Ғылым академиясының Камчатка филиалы.

Петропавловск қаласында дүмпу қарқындылығы 5 баллға жеткен. Көптеген тұрғындар қорқыныштан көшеге жүгіріп шыққан.

Естеріңізге сала кетейік, 30 шілдеде Камчатка маңында 1952 жылдан бері ең күшті болып саналған жер сілкінісі болды. Сол жолғы жер сілкінісінің магнитудасы 8,8 жеткен, ал әртүрлі аймақтарда дүмпудің қарқындылығы 6–7 балл және одан жоғары болған. Сондай-ақ, цунами қаупі жарияланған еді. Петропавловск-Камчатскийде төтенше жағдай режимі енгізілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы