Камчаткада саяхатшылар мінген тікұшақ жоғалды

Камчаткада Ми-8 тікұшағы жоғалып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдын ала мәлімет бойынша оның бортында 3 экипаж мүшесі мен 19 турист болған. Әуе кемесі Вачкажец жанартауының маңынан саяхатшыларды алып кету керек болған. Бірақ ұша салысымен экипажбен байланыс үзілген.

Өңірде ауа райының салдарынан көру мүмкіндігі нашарлап, іздестіру жұмыстарын қиындатып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: baq.kz
Өзгелердің жаңалығы