Камчаткада магнитудасы 6,2 болатын қуатты жер сілкінісі тіркелді
Күші 6,2 балға жеткен жер сілкінісінен бірнеше елді мекеннің тұрғындары оянып, үйлерінен далаға шыққан.
Камчаткада түн ортасында магнитудасы 6,2 болатын қуатты жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері бірнеше елді мекеннің тұрғындарын ұйқысынан оятқан. Үйлердегі жиһаздар қозғалып, шошынған адамдар далаға жүгіріп шыққан.
Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 01:15-те тіркелген. Эпицентрі Петропавл-Камчатский қаласынан 72 шақырым жерде, Бакенинг тауы маңында орналасқан. Жерасты дүмпуінің ошағы шамамен 189 шақырым тереңдікте болған.
Қатты тербелісті Петропавл-Камчатский, Мильково және Вилючинск тұрғындары сезген. Куәгерлердің айтуынша, бастапқыда дүмпулер әлсіз болғанымен, біртіндеп күшейе түскен. Үйлердегі жиһаздар мен интерьер заттары қозғала бастаған. Оқиғадан шошынған кейбір тұрғындар түн ортасында пәтерлерінен шығып, көшеге жүгірген.
Бірнеше рет сезілген күшті дүмпуден кейін жер астындағы белсенділік біртіндеп бәсеңдеген. Жергілікті тұрғындар түн ортасында болған күтпеген жер сілкінісінен алған әсерімен бөлісті.