Камбоджада вакцинаның үшінші дозасы салына бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Камбоджа астанасы Пномпеньде коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасы салына бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Осыған байланысты тұрғындар екпе орталықтарында ұзын-сонар кезекте тұр. Билік індеттің таралуын тез арада тежеп, экономиканы қалпына келтіру үшін иммундау қарқынын арттырды. Препаратты бірінші кезекте медицина қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері алып жатыр.
Айта кетейік, Камбоджада вакцинаның бірінші компонентін 16 миллион халықтың жартысы салдырған. Бұл Азиядағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы