17 Қазан 2026, 13:19 Фото: Ақорда

Камбоджа Қазақстанның электронды үкімет саласындағы тәжірибесін зерделеуге ниетті

Хун Манет Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде энергетика саласындағы ықпалдастықты тереңдету және екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мәселелерін көтерді.

Камбоджа Премьер-министрі Қазақстанға шақырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстар орнағанына 30 жылдан асқанын атап өтті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бүгін энергетика секторындағы ықпалдастықты тереңдету мүмкіндігі туып отыр деп ойлаймын. Ведомстволарымызға өзара мүдделі бағыттарды анықтауды тапсыра аламыз. Қазақстан электронды үкімет бойынша айтарлықтай табысқа қол жеткізді әрі озық әзірлемелерге ие. Біздің министрліктеріміз осы салада тәжірибе алмасуға қызығушылық танытып отыр, – деді Хун Манет.

Кездесу барысында тараптар саяси диалогты, сауда-экономикалық байланыстар мен көпжақты алаңдардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жайын жан-жақты талқылады.