КАМАЗ жүргізушісі көлікті соққанын байқамай, оқиға орнынан кетіп қалған
Ақтөбеде КАМАЗ бен ВАЗ-2104 қатысқан жол апаты тіркелді. Жүк көлігі жеңіл автокөлікті жанап өтіп, жүргізуші оқиға орнында тоқтамай кетіп қалған. Қазір апаттың мән-жайы анықталуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ақтөбеде тіркемесі (прицеп) бар КАМАЗ жүк көлігі мен ВАЗ-2104 жеңіл автокөлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы болды. Апат қаладағы қиылыстардың бірінде тіркелген. КАМАЗ жүргізушісі қосалқы жолдан негізгі жолға шыққанда, маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбестен қозғалған.
Салдарынан жүк көлігі жеңіл автокөлікті жанап өткен. Алайда КАМАЗ жүргізушісі соқтығысты байқамаған болуы мүмкін, оқиға орнында тоқтамай, жүріп кеткен.
Қазіргі уақытта апаттың мән-жайы анықталып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев: Қазақстан толық цифрлық мемлекетке айналуы тиіс
Өзгелердің жаңалығы