Камала Харрис АҚШ президенттігіне қайта үміткер болуы мүмкін екенін айтты
АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Камала Харрис BBC-ге берген сұхбатында болашақта тағы да президенттікке үміткер болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мен әлі аяқтаған жоқпын. Мен бүкіл мансабымды қызмет етуге арнадым, бұл менің қанымда, - деді ол.
2024 жылғы сайлауда Дональд Трамптан жеңілген Харрис 2028 жылы Ақ үйге қайта таласу мүмкіндігін жоққа шығармады. Саясаткер әйел болашақта АҚШ-та әйел президенттің болатынына сенім білдірді.
Сұхбат барысында Харрис Трампты "тиран" деп атап, оның билік кезінде әділет органдарын қару ретінде қолданғанын сынға алды. Сондай-ақ ол кейбір бизнес көшбасшылардың "билікке жағу үшін" президентке иіле кеткенін айтты.
Харрис сайлау науқаны кезінде сауалнама нәтижелеріне мән бермегенін, өз жолынан таймағанын жеткізді.
Егер мен сауалнамаларға сенсем, мен бұл жерде отырмас едім, - деді саясаткер.
Қазіргі таңда Камала Харрис жаңа кітабының таныстырылымымен айналысып жүр, бірақ сарапшылар оның бұл әрекетін 2028 жылғы жаңа сайлау науқанының бастамасы ретінде бағалап отыр.