Қазақстанда кальян шегуге «тыйым салынса», 5 мыңға жуық орын жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Егер Қазақстанда «Ұлт саулығы» туралы заңнамаға байланысты ресто-барларда ашық түрде кальян шегуге тыйым салынса, 5 мыңға жуық кәсіпкер табыс көзін жабуға мәжбүр болады.
Елордада жаңа заңнамалық норманың «оңы мен солын» талқылау үшін ресторатор кәсіпкерлер мен әуежай өкілдері, ресейлік мамандар мен РВ мемдумасының депутаты және тағы басқа тұлғалар баспасөз конференциясын өткізді.Қазір кальянға деген сұраныстың жоғары екенін осы салада кәсібін дөңгелетіп жүрген Елена Пактың сөзінен білдік. Айтуынша, демалыс күндері кальян шегетіндерден 1,5 млн теңге табыс түседі екен.
«Ұлт саулығына қатысты айтар болсақ, бізде Н-бақылау бар. Жасы 21-ге толмаған қыздар мен 27-ге толмаған жігіттерді кіргізбейміз. Одан асқан жастағылар темекі шегу не шекпеуді өздері қадағалай алады. Біздің ғимаратта темекі шегуге арнайы орын әзірледік. Оған аз ақша жұмсамадық. Жай вентиляциясы мен басқа шығындарының өзіне 2 млн теңгедей ақша кетті. Сондай-ақ, демалыс күндері кальяннан түсетін ақшаның сомасы үлкен. 1,5 млн теңгеге дейін жетеді. Өз жағымыздан біз ұлт саулығына байланысты заңнаманы орындадық – шылым шегетіндердің зонасын бөлдік. Ал енді кальянға қатысты тыйым салынса, онда шығынға белшемізден батамыз», - деді ресторатор-кәсіпкер Елена Пак.
Сондай-ақ, кальян шегу орындарына қатысты заң нормасы енгізілсе, онда Қазақстанда 5 мыңға жуық мекеме жабылып қалады. Жұмыссыздық деңгейі өседі. Кәсіпкерлер шамаман 700 млн долларға жуық табыстан айырылып, мемлекет 20-30 млн доллар салықтан қағылады.
Бұған дейін, қазір Қазақстан халқының 30% темекі тартатынын хабарлаған едік. Ал қоғамдық орындарда темекі шегу үшін арнайы зона дайындауға 3 млн теңгедей ақша керек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада шетелдік қазақ жастары арасында футбол турнирі өтеді
Өзгелердің жаңалығы