30 Шілде 2021 2021, 12:04
Қалмұханбет Қасымов отставкаға кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовты өзінің отставкаға және мемлекеттік қызметтен кету туралы өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында жариялады.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовты өзінің отставкаға және мемлекеттік қызметтен кету туралы өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатты.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында жариялады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовқа құқық қорғау органдарындағы ұзақ жылғы қызметі мен Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы ретінде сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді, - деп жазды ол.
Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін уақытша атқару Е.А.Сағымбаевқа жүктелді.