Каллас АҚШ-ты Украина мәселесінен Гренландияға ауытқымауға шақырды

Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Кая Каллас АҚШ-ты Гренландия төңірегіндегі даулы мәселелерге алаңдамай, Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған негізгі күш-жігерден ауытқымауға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Біз келіспеушіліктердің Украинадағы соғысты аяқтауға көмектесу жөніндегі басты міндетімізден алаңдатуына жол бермеуіміз керек, – деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.

Калластың айтуынша, егер Гренландияның қауіпсіздігіне қатер төнсе, бұл мәселе НАТО шеңберінде талқылануы тиіс. Сондай-ақ ол АҚШ президенті Дональд Трамптың Еуропаның сегіз елінен келетін тауарларға баж салығын енгізу жөніндегі мәлімдемесі Ресей мен Қытайдың мүддесіне жұмыс істеуі мүмкін екенін атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы