6 Қыркүйек 2026, 14:48
Фото: The New York Post
Калифорнияда төрт адам мінген ұшақ апатқа ұшырады: екі бала қаза тапты
Екі ересек адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
АҚШ-тың Калифорния штатында шағын ұшақ апатқа ұшырап, екі бала қаза тапты. Тағы екі адам ауыр жарақат алды.
The New York Post мәліметінше, әуе апаты 5 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 13:50 шамасында Сан-Хоакин өзенінің маңында, Фресно әуежайы мен Сьерра-Скай-Парк ауданына жақын жерде болған.
Ұшақ бортында төрт адам болған. Құтқарушылар әуе кемесінің сынықтарын өзен маңындағы жартастан тапты. Ұшақ құлағаннан кейін оқиға орнындағы тау бөктерінде өрт шыққан.
Екі ересек адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқан балалардың аты-жөні мен нақты жасы әзірге анықталған жоқ.
Апаттың себептерін АҚШ-тың Федералдық авиация басқармасы (FAA) мен Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі (NTSB) анықтап жатыр.