Калифорнияда күшті жер сілкінісі болды

Калифорния штатында Сан-Диего қаласына жақын жерде 5,2 балдық жер сілкінісі тіркелді , деп хабарлайды BAQ.KZ.
АҚШ геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, сейсмологтар бастапқыда 6 магнитуданы жариялағанымен, кейін деректерді қайта қарап, төмендетті.
Жерасты дүмпулері 17:08-де (Астана уақыты бойынша 22:08), Сан-Диегодан 59 шақырым жерде және Палм-Спрингс қаласынан 87 шақырым жерде болды. Сейсмикалық оқиға ошағы 13,4 шақырым тереңдікте орналасқан.
Сонымен қатар, жер сілкінісінен кейін магнитудасы 2,5-тен 3,5-ке дейін болатын сегізге жуық афтер сілкініс тіркелді.
Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
Цунами қаупі туралы хабарланған жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Венгрия енді ер мен әйелді ғана мойындайды
Өзгелердің жаңалығы