Калифорнияда карантин қайтадан енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Американың Калифорния штатында қайтадан карантин режимі енгізілді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Оған коронавирус жұқтыру деректерінің өсуі себеп болып отыр. 

Қазір аталған өңірде қауіпті вирус жұқтырғандар саны 420 мыңнан асады. Ең көп науқас Лос-Анджелесте. Мұнда инфекция 165 мыңдай кісіден анықталған. Кеселдің кеңінен етек жаюына байланысты енді жергілікті билік 315 миллион долларға маска сатып алуды көздеп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы