Қала тұрғыны есірткіні ШҚО-дағы колонияның қоршауы арқылы өткізбек болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала тұрғыны есірткіні ШҚО-дағы колонияның қоршауы арқылы өткізбек болды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Өскеменде ерекше тәртіптегі мекеме қызметкерлері тыйым салынған заттары бар түйіншекті мекеме аумағына лақтыруға тырысқан 29 жастағы қала тұрғынын ұстады. 

Мекеме қызметкерлері ораманы темір таяқшаның басына скотчпен мықтылап орап, таяқшаның ортасына тұтатқышқа орап, шамын жағып қойған.  

Жас жігіт жоспарларын жүзеге асыру үшін мекеме аумағына түнгі уақытта келген. Ол осы уақытта мекеменің іргелес аумағында қызметкерлер болмайды және ол өз жоспарларын жүзеге асыра аламын деп ойлаған. Ол тіпті тыйым салынған затты қоршаудың арғы жағында жазасын өтеп жатқан сотталғандардың тез тауып алуы үшін металл таяқшаға шамы бар зажигалканы орнатып қойған. Алайда, жас жігіт өз жоспарын жүзеге асыра алмады, оны мекеменің іргелес аумағын күзетіп жүрген қызметкерлер ұстады, – деп атап өтті ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/20 мекемесінің бастығының міндетін атқарушы Ермек Айтмұқашев. 

Оқиға орнына Ертіс ПБ жедел-тергеу тобы шақырылды, тыйым салынған заттарды алу актісі жасалды. 

Тәркіленген орам оның ішіндегі затты тексеру үшін сот-медициналық сараптамаға жіберілді. 

Есірткі заты расталған жағдайда жігітке қатысты ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін және ол өзі бас бостандығынан айыру орындарында жолдануы мүмкін, – деп толықтырды Ермек Айтмұқашев. 
Шығыс Қазақстан облысының барлық колонияларында қызметкерлер осындай деректердің алдын алу үшін мекеменің маңындағы аумақтарда күзетуді күшейтілген тәртіпте жүргізуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы