5 Тамыз 2019, 17:59
Каир орталығында көлік жарылып, 19 адам көз жұмды
Алматы, BAQ.KZ. Каир орталығында ірі автокөлік апатынан 19 адам қаза тауып, тағы 30-ы жарақат алды. Бұл жөнінде дүйсенбі күні Египет Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазды reuters.
Алматы, BAQ.KZ. Каир орталығында ірі автокөлік апатынан 19 адам қаза тауып, тағы 30-ы жарақат алды. Бұл жөнінде дүйсенбі күні Египет Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазды reuters.
Ресми мәлімдемеде жарылыстың қасақана жасалғаны туралы ақпарат жоқ.
«Ніл өзенінің жағалауындағы тас жолда көлік қарсы бетке шығып кетіп, үш автокөлікпен соқтығысқан», - делінген Ішкі істер министрлігі таратқан мәлімдемеде.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соғылған көліктер жарылған, нәтижесінде сол маңайда орналасқан Ұлттық онкология институтындағы адамдарды қауіпсіз жерге көшіру жұмысы жүргізілген.
Египет прокуроры аталған іс бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Бұған дейін Өзбекстанда трассада болған жол апатынан 3 Қазақстан азаматы, оның ішінде екі бала қаза болғанын хабарлағанбыз.
- Аптап ыстық және өрт қаупі: Синоптиктер ескерту жасады 01:29
- Перудегі екі жер сілкінісінен алты адам қаза тауып, 21 адам жараланды 00:30
- Қазақстандық жас триатлоншылар Еуропа кубогында екінші медалін жеңіп алды 19.07.2026
- Үш облыстағы орман өрттері толық сөндірілді 19.07.2026
- Алматы тауларында аяғын жарақаттаған қыз құтқарылды 19.07.2026
- Қазақстандық оқушылар Халықаралық биология олимпиадасында төрт медаль жеңіп алды 19.07.2026
- Астанадағы Ұлы Дала көшесінің қиылысы екі күнге жабылды 19.07.2026