Каирде Абай туралы кітап жарық көрді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каирде Мысырдың Уақыптар министрлігінің уағыз зерттеу департаментінің директоры, белгілі теолог Халед Ас-Саид Ғанемнің "Абайдың Қазақстан халқына өсиеттері" атты араб тіліндегі кітабы жарық көрді.

Мысырлық ғалым өз еңбегінде қазақтың ұлы ақыны жазған «Қара сөздерінің» мағынасын, олардың философиялық мәнін, ұлттық тәрбие мен дүниетаным, мораль мен құқық мәселелеріне көзқарасын түсіндіруге тырысты.

Бұл Халед ас-Саид Ғанемнің Абай мұрасына қатысты және жалпы Қазақстан туралы алғашқы кітабы емес. 2014-2017 жылдары ол "Нұр-Мүбарак" Қазақстан-Мысыр ислам мәдениеті университетінде оқытушы болып жұмыс істеді және қазақ халқының тарихы, діні және мәдениеті туралы көптеген ғылыми еңбектер жазды, - делінген сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта мысырлық ғалым қазақстандық шығыстанушылармен бірлесіп, "Ұлттық аударма бюросы" ҚР Ұлттық орталығы басып шығаратын Абайдың "Қара сөздері" мен өлеңдерінің жинағын араб тіліне аудару үстінде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы