Кахраманмарашта жер сілкінді
Түркияның Кахраманмараш провинциясында 4,3 магнитудасымен жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасының ақпаратынша, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 08:45-те тіркелген.
Эпицентрі Оникишубат ауданында орналасқан. Ошағы 6,94 шақырым тереңде жатыр. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ.
Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның Кахраманмараш провинциясында қуаты 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі 10 провинцияда, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда сезілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент Иордания Королімен телефон арқылы сөйлесті
Өзгелердің жаңалығы