"Кахарман" тұрғын үйінде болған өрттің себебі анықталды

Құтқарушы Асқар Забикулин қайтыс болған тұрғын үйдегі өрттің неден шыққаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

16 қарашада Бауыржан Момышұлы даңғылы 14 бойынша "Кахарман" тұрғын үйінде өрт орын алған, өрттің шығу себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуына әкеп соқтырған ұзартқыш желісіндегі ақаулықтың болуы, - делінген Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде елорда аумағында 682 өрт тіркелген, оның 105-і көппәтерлі тұрғын үйлерде. Әдетте, өрттің себептері тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын сақтамау болып табылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы