Кафелерде қызмет көрсетуге төленетін 10% алынып тасталады – Шаққалиев
ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев заңға жаңа өзгеріс енгізуді ұсынатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін қызмет көрсетуге төлем чегіңізде міндетті атрибут ретінде көрсетілген. Біз қызмет көрсетуге төленетін жеке төлемді чектегі міндетті атрибуттан алу үшін заңға өзгеріс дайындап жатырмыз. Қызмет көрсетуге төлейтін 10 пайыз алынып тасталады. Ол сома сіз алған қызметтің ішінде болса, неліктен сіз екі рет төлеуіңіз керек, – деді министр Сенат кулуарында.
Айта кетейік, қазір дәмхана, ресторандардың барлығында дерлік тұтынушы алған қызметтің кемінде 10 пайызын қызмет көрсетуге төлейді.
Бұдан бөлек, кеше Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек авиация саласында азаматтардың құқығы қорғалмай жатқанын айтып, әуе компанияларына тісін батыра алмай отырған министрге шүйліккен еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы