Кадрлық ауыс-түйіс: Тимур Әбілқасымов тағайындалып, Нұрлан Әбдірахманов қызметінен кетті
Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Алмасұлы Әбдірахманов қызметінен кетті. Ал Тимур Бөкейханұлы Әбілқасымов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Алмасұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Бөкейханұлы Әбілқасымов бұрынғы атқарған лауазымынан босатылып, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы