Кадеттер арасындағы Әлем чемпионаты: Қазақстан – үш дүркін алтын иегері!

Алматыда кадеттер арасындағы (U8–U12) шахматтан Әлем чемпионаты-2025 өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізіп, үш алтын жүлдені қанжығасына байлады, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Әлем чемпиондары атанған қазақстандық жас шахматшылар:

  • Алиша Бисалиева (G8, 8 жас) – 9½ ұпай;
  • Әдинұр Әділбек (O8, 8 жас) – 9½ ұпай;
  • Данис Қуандықұлы (O12, 12 жас) – 9 ұпай.

Командалық есепте де Қазақстан үздік шықты.

Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өткен дүбірлі додаға 88 елден 842 шахматшы қатысты. Олардың ішінде Қазақстанның барлық өңірінен келген 229 ойыншы бақ сынады. Жарыс швейцариялық жүйе бойынша 11 турға созылды.

Алиша мен Әдинұр соңғы турда тең ойнап, алтынды иеленді. Ал Данис Қуандықұлы (ӘЧ-2023 чемпионы) тарихи жеңісін қайталап, екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Өзгелердің жаңалығы