КӘЧ: Финал тағдыры алғашқы 10 минутта шешілді – Челсидің бапкері

Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалында "Челси" "Пари Сен-Жерменді" 3:0 есебімен тас-талқан етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Челси" клубының бас бапкері Энцо Мареска командасының финалдағы жеңісін алғашқы минуттармен байланыстырды.

Мен өз ойыншыларым туралы айтып тауыса алмаймын. Меніңше, біз бұл ойынды алғашқы 10 минутта-ақ жеңіп қойдық. Қажетті қарқынды дәл сол сәтте таптық. Біз өте мықты болдық. Әрине, мұндай ауа райында 90 минут бойы сол деңгейде ойнау оңай емес. Бірақ негізгі басымдықты сол басында жасадық. Бүгін Коул Палмерге кеңістігі бар ыңғайлы позицияны таптық. Ол үшін қуаныштымын. Бірақ жалпы бүкіл команда керемет ойын көрсетті, – деді Мареска ФИФА сайтына берген сұхбатында.

Ойын нәтижесі бойынша:

Коул Палмер дубль авторы болды (22, 30-минуттар), ал Жоао Педро үшінші голды соқты (43-минут).

Бұл – "Челсидің" биылғы екінші трофейі. Бұған дейін клуб Конференция лигасын жеңіп алған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы