Қабылдауға шыдамы таусылып, қиналғандар ғана келеді – әкім

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы бүгін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев азаматтарды жеке қабылдау барысында айтты.

Онлайн форматтағы қабылдауда қаламыздың бірнеше азаматтары әлеуметтік көмек, жол, тұрғын үй, жер, медицина және т.б., қатысты бірқатар мәселелерді көтерді.

Азаматтарды онлайн-форматта қабылдау тұрақты негізде өткізіліп келеді. Бірқатар мәселелер қабылдау барысында шешілсе, қалғаны жоспарға алынатын болды.

Мәселен, қабылдау барысында жер кезегіндегі тұрғының мәселесімен танысқан қала әкімі жауапты сала басшысына заң шеңберінде жердің құжаттарын реттеуді тапсырып, тұрғынға апта соңына дейін мәселесінің шешілетінін жеткізді.

Жеке қабылдаудан қуанышты хабар естіп қайтқан апаттық үй кезегіндегі тұрғынның мәселесі бір апта ішінде сол жағалаудан уақытша пайдалануға пәтер берілетін болды.

Қабылдауға бірнеше мәселемен келген қала тұрғыны шаһар басшысына алдымен денсаулық жағдайын баяндады. Айтуынша бірнеше мәрте мүгедектігін дәлелдейтін құжаттарды тиісті мекемелерге тапсырса да, оң нәтиже ала алмапты. Шаһар басшысы «Қабылдауға шыдамы таусылып, қатты қиналған жандар ғана келетінін» баса айтып, азаматшаның мәселесін шешуді денсаулық саласының маманына тапсырып, жуық арада құжатын алатындығын жеткізді. Қала әкімі үй кезегіне халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы бойынша тіркелген тұрғынға кезекте 205-болып тұрғанын, жыл соңына дейін 700-ге жуық пәтер кілтін табыстау жоспарланып отырғанын және жаңа баспанаға ие болатын күн де алыс емес екенін айтты.

Одан әрі көшесіне асфальт төселсе деп тұрғындар өтінішін айта келген азамат та өз сауалына оң жауап алып, ағымдағы жылы көшеге малта тас төселетін болды. Ал асфальт төсеу алдағы жылдың еншісінде деген шаһар басшысы тас төсеу жұмыстарын тездетуді сала басшысына тапсырды.

Қабылдау барысында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, әр мәселені егжей-тегжейлі талдаған қала әкімі көтерілген сауалдарға байланысты тиісті шаралар қабылдауды сала басшыларына тапсырып, орындалу барысы тікелей өз бақылауында болатындығын жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы