Кабулдағы жарылыстан үш адам қаза болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауғанстан полициясының хабарлауынша елдің бас қаласы Кабулдағы жарылыстан кемінде үш адам қаза болып, тағы төрт адам жарақат алған. Зардап шеккендердің арасында ауғанстандық діни азшылық топтарының бірі болған индус жамағатының өкілдері де бар.

Бүгін, яғни сенбі күні Кабулда үш жерде жарлыс болды. Алғашқысы Кабулдың батысындағы Баг-и-Кази аймағындағы дүкеннің ішінде таңғы уақытта болғандығын бас қаланың полиция өкілі Фердоус Фарамарз хабарлаған еді. Жарылыс салдарынан дүкеннің саз бен ағаштан шегенделген қабырғалары құлаған болатын.

Екінші жарылысыз алғашқы оқиға орнында полицейлер зардап шеккендерге көмектесіп жатқан уақытта болды. Соның салдарынан екі адам (біреуі ауғанстандық индус) көз жұмды. Ал тағы бір адамның қайтыс болуына себеп болған үшінші жарылыс қаланың басқа ауданында орын алды.

Ауғанстан астанасында болған жарылыстарды әзірге ешқандай топ мойына алған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін бір ғана Ауғанстанда емес, сонымен қатар Францияның Бордо қаласында да жарылыс болғанын хабарлаған едік. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы