Кабулдағы жарылыстан 90 адам жарақат алып, 4 адам қаза болды

Астана, BAQ.KZ. Кеше Ауғанстан астанасы Кабулда шет елдік елшіліктер орналасқан аумақта жарлыс болды. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нажиб Даниш мәлімдеді.

Оның айтуына қарағанда, жарлыстан 4 адам көз жұмып, 90 адам жарақат алған. Жарлыс шет елдік ұйымдар орналасқан "Жасыл қыстақ" ауданында болған. Жарақат алғандардың арасында 23 бала бар. 

Әзірге Кабулдағы жарлысты ешқандай террористік ұйым мойынына алған жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы