Кабинасы жұлынып кеткен: Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Ақмола облысының Алексеевка кентінің жанындағы көпірде екі ауыр жүк көлігі соқтығысып, бір жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жантүршігерлік жол апаты 17 тамызда болды. Апат орнынан түсірілген кадрларда жүк көлігінің қатты зақымданғаны байқалады. Ауыр соққыдан жүк көлігінің кабинасы жұлынып кеткен.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, апат салдарынан көлік құралдарының бірінің жүргізушісі сол жерде қайтыс болды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптама тағайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы