ҰҚК қару жасаумен айналысқан жасырын шеберхананы анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рудный қаласында қару жасайтын шеберхана ұйымдастырғандар сотталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Д.Басакин мен А.Стенинге атыс қаруы мен жарылғыш заттарды заңсыз өткізгені үшін үкім шығарды.«Сотталушылар ҚР ҚК 287-бабы (қаруды, оқ-дәрілерді, ЖЗ және ЖҚ-ны заңсыз сатып алу, беру, өткізу, тасымалдау немесе алып жүру) және 291-бабы (қаруды, оқ-дәрілерді, ЖЗ және ЖҚ-ны ұрлау немесе қорқытып алу) бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әртүрлі жазалау мерзімдеріне сотталды», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда фигуранттардың бірі іздестірілуде.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың сәуірінде ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жоғарыда көрсетілген адамдарды салмағы 2 кг «аммонит» жарылғыш затын, сондай-ақ жауынгерлік пистолетті өткізу кезінде ұстау бойынша операция жүргізген болатын.
Қостанайда атыс қаруы мен жарылғыш заттарды тасымалдарғандарға қатысты үкім шықты
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда әдеби аударма мәселелері талқылануда
Өзгелердің жаңалығы