Күзде балалардың жаппай ауыруы мүмкін бе?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында қазақстандықтарды әлеуметтік желіде тараған жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.
Соңғы кездері әлеуметтік желілерде "Түнде тікұшақ ауаға белгісіз газ шашады, балалардың далаға шығуына болмайды. Сондай-ақ, қаладағы ауруханаларға балалар төсегі әкелініп жатыр деген ақпарат бар. Күзде індет өршіп, балалардың жаппай ауыруы мүмкін бе?" деген ақпарат тараған болатын.Осыған орай Айжан Есмағамбетова бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын атап өтті.
Коронавирус инфекциясының таралмауы үшін дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алайда, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Мен халықты тексерілген ақпаратқа сенуге шақырамын. Ақпаратты тек ресми дерек көздерінен оқыңыздар, - деді бас санитар.Айта кетейік, бас санитар бұған дейін фитнес орталықтары мен сауда үйлері қалай жұмыс істейтінін жұмыс істейтінін, сондай-ақ, маска тағу режимі әлі де сақталатынын сақталатынын айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Фитнес орталықтары мен сауда үйлері қалай жұмыс істейді?
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы