Маңғыстау облысында анасы мен 3 баласы уланып, көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында ыстан төрт адам көз жұмып, екеуі ауруханаға жеткізілді.
Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Мұнайлы ауданында түгелдей бір отбасы ыс тиіп уланып қалған.
Маңғыстау облыстық Жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясына шақырту 13 ақпан күні сағат 17:42-де келіп түсті. Оқиға орнына 3 жедел жәрдем бригадасы барды. Ыстан уланып 1981 жылғы әйел, 2006,2007 жылы туған екі бала және 2018 жылы туған сәби көз жұмған. 1977 жылы туған ер адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген. Ал 2011 жылы туған бала Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Ер адам токсикология бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр, - деді денсаулық сақтау басқармасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Директорлар өз жалақысын екі есе өсіре алады - министр
Өзгелердің жаңалығы