Кәсіпкерлікті несиелеуге микронесиелеу ұйымдары да қатысады – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Инвестициялық салықтық несиенің жаңа мехинизмі енгізіледі. Ол жаңа кәсіпкерлер мен  компанияларға алғашқы жылы салық төлемеуге, тек несие алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов баспасөз мәжілісінде айтты. 

Оның айтуынша, табысты кәсіпкерлік бойынаша биыл жаңа мемлекеттік «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарлама қабылданады. Соның аясында жаңадан 330 мың жұмыс орны құрылмақ. 

«Шағын және орта бизнес бойынша 100 мың кәсіпкерге консультациялық қызметтер көрсетіліп, оқытылатын болады. 2025 жылы ШОБ-тың үлесі 35 пайызды құрайды деп жоспарлануда. Қазір оның үлесі 28%»,-дейді ол. 

Сонымен қатар, ол аталған бағдарламада несиелеудің көлемі артатындығын айтты. Мәселен айналымдық қаражатты несиелеу лимиті қазіргі таңда  60 миллионды құраса, ол 360 млн-ға дейін артпақ.

«Бұл бағдарламаға тек екінші деңгейлі банктер ғана емес, микронесиелеу ұйымдары да қатысатын болады. Өйткені микробизнеске қаражатты солар береді. Несиелердің мақсатты тағайындалуы да кеңейеді.  Мәселен, франшизаларды иемденуге болады, шағын бизнес фасфуд франшизаларын сатып ала алады. Бұған дейін оған шектеу жасалып келген»,-дейді министр. 

Даленовтың айтуынша, биылғы мемлекекттік бағдарламаға көптеген өзгерістер енгізілген. Соның бірі мемлекеттік гранттың көлемінің ұлғаюы. Енді жаңа бизнес идея үшін берілетін қаражат 3 млн-нан теңгеден 5 млн-ға дейін артады. 

«Кәсіпкекрлікті қолдаудағы барлық мемлекеттік бағдарламаларды сараптап, оның ішіндегі сұранысқа иелерін көбейтеміз. Жаңа инвестицияны ұлғайту мақсатында салық кодексіндегі салықтар оңтайландырылып, цифрлы салықтық әкімшілік енгізіледі. Сонымен қатар, инвестициялық салықтық несиенің жаңа мехинизмі енгізіледі. Ол жаңа кәсіпкерлер мен  компанияларға алғашқы жылы салық төлемеуге, тек несие алуға мүмкіндік береді. Өйткені кез-келген кәсіпкер үшін алғашқы жылы айналым қаражатының жетіспеушілігі орын алады», - деді ол. 

Сондай-ақ, ол адал түрде бәскелестік жүргізуге келтіретін кедергілерге тексерістер жүргізілетіндігін айтты. Бұл мақсатта жыл соңына дейін жол картасы құрылады екен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы