Кәсіпкерлерге онлайн қолдау көрсетілуде

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі төтенше жағдайға байланысты қиындыққа тап болған 120-дан астам атыраулық кәсіпкер облыстық кәсіпкерлер палатасынан қолдау сұрап, өтініш жазған. 

Олардың басым бөлігі несие, салық жеңілдіктері, жұмысшыларға қаржылай көмек, сондай-ақ ірі сауда орындарындағы жалға алу төлемін тоқтата тұру. Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының басшысы Абдолла Идрисов бұл мәселелердің еленбей қалмайтындығын, ал кейбірі мемлекет деңгейінде шешілетіндігін айтады.

Төтенше жағдайда кәсіпкерлік субъектілері мен оларды қаржыландыратын институттардың жұмысына тосқауыл қойылмайды, керісінше, қолдау көрсетіледі. Бүгінде палата қызметкерлері қашықтықтан қызмет етуде. Осы арқылы кәсіпкерлер мен бизнес бастауға ниетті азаматтар онлайн кеңес ала алады. Бизнес Бастау, Бизнес Кеңесші оқулары да дәл осындай режимде өтеді. Сонымен қатар мына жағдайда өңірдегі өндірістердегі жұмысшылардың орнын сақтап қалуға бағытында шаралар алынып жатыр. Мемлекеттік тапсырыстарды жергілікті тауар өндірушілерге беруге жұмыстанудамыз. Біздің тарапымыздан 745 тауар түрін шығаратын 150 компания реестрі жасақталды.Мысалы, машина жасау, фармацевтика, тамақ өнеркәсібі және мұнай және газ өндірісі. Бұл өнеркәсіптерде жұмыс тоқтаусыз жүріп тұр. Сондай ақ, 19 әлеуметтік тағамдар тізбесі бар. Оның ішіндегі 7 өнімді сырттани әкелеміз. Егер осы тізімдегі өнімдерді өндіруге ниетті кәсіпкерлер болса, жан-жақты қолдау көрсетеміз, - дейді облыстық Кәсіпкерлер палатасының басшысы Абдолла Идрисов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы