Кәсіпкерлердің құқығын қорғау - басты назарда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Әділхан Әшірбаев айтты.

Биыл 6 айда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен сыбайлас жемқорлық деректерінің жүйелі түрі бойынша – 6, кіші және орта бизнес субъектілерінің жұмысына заңсыз араласу бағытында – 5 дерек тіркелген, оның нәтижесі бойынша 73 кәсіпкердің құқы қорғалған, - деп мәлімдеді департамент басшысы Әділхан Әшірбаев.

Айта кетейік, Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 6 айлық жұмысы қорытындыланды.

2020 жылдың 6 айында департамент 73, оның ішінде ауыр санатында 54, аса ауыр санатында 1 және жедел жолмен 54 қылмысты тіркеген. Жасалынған заңсыз іс-әрекеттер үшін 49 тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылған.

Мысалы, ҚР ҚК-нің 189-бабымен қарастырылған қылмыс жасағаны үшін соттың үкімімен Жамбыл облысы әкімдігінің Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Сариев 6,9 млн теңге көлемінде айыппұл жазасына және аталған басқарманың бөлім басшысы Бексеитова 2 жыл 1 ай бас бостандығынан айыру жазасына тартылды. ҚР ҚК-нің 361-бабымен қарастырылған қылмыс жасағаны үшін соттың үкімімен Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары Шалкарбеков 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасына тартылды. ​Сондай-ақ, ҚР ҚК-нің 366-бабымен қарастырылған қылмыс жасағаны үшін соттың үкімімен Жамбыл облысы Полиция департаментінің Шу ауданының полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің бастығы Абдикалыковқа 7,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, – дейді департамент басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы