Кәсіпкерлерді қолдауға 300 млрд теңгеден кем емес қаржы бөлінді – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев біздің еліміздің халықаралық резервінде 90 миллиард долларға жуық қаржысы бар екенін мәлімдеді.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл қаржы ел экономикасының тұрақтылығына кепіл бола алады.

Біз коронавирустың ғаламдық экономикаға кері әсер етіп жатқанының кәусі болып отырмыз. Шындығында, істің мәні бүкіл әлемдік экономикалық жүйенің қайта құрылуына әкеп отыр. Қазақстанға да теңдессіз дағдарыстың салдары әсер етіп жатыр. Бірақ экономикалық өзгерістерге қарамастан, біз әлеуметтік қысым, жұмыссыздықтың өсіп кетпеуі үшін барлық қажетті шараны қабылдаймыз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында біздің еліміздің халықаралық резервінде 90 миллиард долларға жуық қаржысы бар. Бұл экономика тұрақтылығын сақтауға және мемлекетіміздің әлеуметтік міндеттерін орындауға кепіл болып отыр, - деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде.

Сонымен қатар, мемлекет басшысының айтуынша, отандық кәсіпкерлерді қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін 300 миллиард теңгеден кем емес қаржы бөлінеді. 

Біз бюджет шығындарын жұмыспен қамту және бизнесті қамтамасыз етуде максималды тиімді салаларға жұмсаймыз. Отандық кәсіпкерлерді қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін 300 миллиард теңгеден кем емес қаржы бөлінеді. Бизнесті қаржыландыру деңгейінің төмендеуіне жол бермеу керек. Ішкі нарықты толықтыру және өндірісті ынталандыру үшін "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын қаржыландыру ұлғаяды, - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанның халықаралық қаржы резервінде 90 миллирд долларға жуық ақшасы бар екенін атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы